- Advertisement -

Ұшқан ұя ұмытылмайды екен Ресей Федерациясы Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко бастаған жерлестер туған жерімен сағына қауышты

130

- Advertisement -

Тарихи тағдыры тамырлас Ресей мен Қазақстан бүгінде стратегиялық әріптес қана емес, мәңгілік достықтың мәртебелі туын биікке көтерген бауырлас мемлекеттер. Екі ел арасындағы алыс-беріс, барыс-келістің жыл өткен сайын жандана түсуі соның айғағы. Бұл байланыс кезінде ортақ шаңырақта тұрған отандастарымыздың да атажұртына емін- еркін келіп, аунап-қунауына, туған жерге деген сағынышын басуына өз септігін тигізуде. Осы сөзіміздің даусыз дәлеліндей, бүгінде Ресей Федерациясы Ленинград облысының губернаторы болып қызмет атқарып отырған Александр Дрозденко кеше өзінің кіндік қаны тамған қасиетті Әулиеата өңіріне атбасын бұрды.
Иә, кімге болса да өзінің туған жері Мысыр шаһары ғой. Қазіргі Байзақ ауданы, Ақжар ауылында дүние есігін ашқан губернатор өзімен бірге әкесі Юрий Александрович, жұбайы Екатерина Григорьевна, Ленинград облысы, Кингисепп муниципальді ауданының ұйымдастыру басшысы Виктор Гешеле және оның жұбайы Жанна Ивановна сынды қонақтарды ерте келіпті. Мәртебелі меймандарды Байзақ ауданының әкімі М.Шүкеев пен аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев бастаған басшылар күтіп алды.
Қонақтар алдымен Сарыкемер ауылында орналасқан аудандық орталық мұражайға бұрылып, ондағы жәдігерлермен кеңінен танысты. Бұдан кейін губернатор өзі туып-өскен Түймекент ауылдық округіндегі білім ордасына арнайы келді. Мұнда А. Дрозденконы бастауыш сыныпта жетекшісі болған Валентина Шапавалова, сыныптастары, әкесі Юрий Александровичпен бірге жұмыс істеген қызметтестері, мектеп ұстаздары мен оқушылары ыстық ықыласпен қарсы алды. Ұлттық дастарқаннан дәм ауыз тиген қонақтардың құшағы гүлге толды. Бастауыш сынып оқушыларының шағын концерттік бағдарламасы да губернаторды тебірентіп жіберді. Ол бір сәт балалық балғын шағын есіне алғандай терең ойға шомды.
Аудан басшысы Мұратхан Шүкеев қонақтардың келу мақсатымен таныстырып өткен соң сынып жетекшісі Валентина Шапавалова жүрек қылын шерте отырып, сөз қозғады. Слайд арқылы сол кезеңдерге шолу жасады. Өз кезегінде сөз алған Юрий Александрович, жергілікті тұрғындар, бүгінгі зейнеткерлер Тәуірбек, Оразалы, Қылышбай ақсақалдар өзара шүйіркелесіп, сол кездегі ауылшаруашылық саласындағы қиындығы мен қызығы мол күндерді еске алысып, жеткен жетістіктер жайында сыр шертті.
Губернатор Александр Дрозденконың өзі оқыған бірінші сынып партасына отыруы да көпке әсер сыйлады. Ол осы сәтте балалық шағын сағынышпен сөз етті. Өзін біліммен қаруландырған, үлкен өмірге қанаттандырған білім ордасына ризашылық сезімін жеткізіп, мектеп басшылығына арнайы сый-сияпатын табыстады. Сондай-ақ, өзі тұрған (бұрынғы Украинская) Т. Кәрібаев көшесіндегі №81 үйге, Ә. Дүкенбайұлы көшесіндегі әкесі тұрған үйге бұрылып, ауыл көшелерін жаяу аралап шықты.
Мұнан соң іссапар барысы Ленинград облысы, Кингисепп муниципальді ауданының ұйымдастыру басшысы Виктор Гешеленің туған мекені Көкбастау ауылдық округіндегі Амангелді орта мектебінде жалғасты. Мұнда да қонақтарды құшақ жая қарсы алған ауыл тұрғындары мен мектеп ұстаздары, оқушылар арасында жылы жүзді кездесу ұйымдастырылды. Өткен күндерін сағынышпен еске алған Виктор Эвальдович ата-анасының елге деген ыстық сәлемін жеткізіп, өзінің сыйлықтарын табыс етіп, ауыл тұрғындарының ыстық ықыластарына деген ризашылығын білдірді.
Бұдан соң қонақтар Виктор Гешеле оқыған Тараз қаласындағы М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінде де болды. Әрине, бұрынғы дәріс берген ұстаздардан ешкім қалмаған. Десек те, білім ордасының өзіне етене таныс ғимараты, қазіргі педагогикалық ұжым мен жас жеткіншектердің ыстық ықыласы оны өткен күндерге оралтқандай әсер қалдырды. В.Гешеле өз толғанысын жасырып қалмай, естеліктерімен бөлісті. Мұнан кейін ленинградтық қонақтар бірнеше топқа бөлініп, Тараз қаласының көрікті орындарын аралады. «Тараз Энерджи» серіктестігінде, «Казфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар зауытында, «Тараз Арена» спорт сарайында болып, атқарылып жатқан оң істермен танысты. Өз сөздерінде меймандар тотыдайын таранған Тараздың қазіргі келбетіне таңданыстарын жасырған жоқ. Сонау жырақта жүрсе де ұшқан ұя ұлағатын ұмытпай,туған жерге деген перзенттік махаббатпен сағынысып жеткен жерлестердің саяхаты бүгін одан ары жалғасуда.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ,
«Ақ жол»
Мұхтар Манекеев,
журналист,

Байзақ ауданы.

That feature would help the program go beyond expanding college access to improving retention, said randy boyd, a special adviser to write my paper midnightpapers.com the governor for do my homework for me higher education

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support