- Advertisement -

Жаңа маусым Қарағандыдан басталады

105

- Advertisement -

«Астана арландары» бүкіләлемдік бокс сериясының алғашқы кездесуінде Қарағандыда «Баку оттарын» қабылдайды

Бүкіләлемдік бокс сериясы додасында екі мәрте топ жарған жалғыз команда «Астана арландары» екені белгілі. Бес жылда екі рет тұғырдың ең биік сатысынан көрінген қазақстандық боксшылар алтыншы маусымды да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу ниетімен бастамақ. Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымында қазақстандық команда «D» тобында әзірбайжандық «Баку оттары» және Өзбекстан, Пуэрто-Рико командаларымен бір топқа түскен болатын.
Биылғы жылы Рио Олимпиадасының лицензиялық турнирлеріне қатысуларына байланысты ұлттық құраманың негізгі боксшылары (Иван Дычко, Әділбек Ниязымбетов және өзгелер) «Астана арландарына» көмектесе алмайды. Сол себепті де клуб құрамы бірқатар талантты жас боксшылармен толығып отыр. Дегенмен, бұрынғы құрамадан қалған жүйріктер де жетерлік.
Жаңа маусымды Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында бастайтын «Астана» арландары» бірнеше жылдан бері топтағы басты қарсыласына айналған әзірбайжандық «Баку оттарын» қабылдамақ. Естеріңізге сала кетейік, команданың сапында жамбылдық оғлан, 52 келі салмақ дәрежесіндегі саңлақ Олжас Сәттібаев та ел намысын қорғайды. Жамбыл боксының өркендеуіне елеулі үлес қосқан жаттықтырушы Нұрлан Ақүрпеков баптайтын «Астана арландары» командасының толық құрамымен таныстыра кеткенді жөн көрдік.
Сонымен, «Астана арландарының» намысын алтыншы маусымда төмендегі боксшылар қорғайды:

49 келі: Мардан Берікбаев, Теміртас Жүсіпов, Жомарт Ержан;
52 келі: Олжас Сәттібаев, Азамат Исақұлов, Азат Махметов;
56 келі: Мейірболат Тоитов, Нұрбол Қалжанов, Нұрсұлтан Көшеғұлов;
60 келі: Зәкір Сафиуллин, Ержан Мұзафиров, Бекдәулет Ибрагимов;
64 келі: Самат Бәшенов, Асқат Уәлиханов, Сабыржан Бақбергенов;
69 келі: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов, Бекзат Халметов;
75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов, Аманқұл Әбілхан, Ерік Әлжанов, Рустам Сваев;
81 келі: Әли Ахмедов, Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек;
91 келі: Мұхамеджан Еркін, Рахман Әлжанов;
+91 келі: Нұрсұлтан Аманжолов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұржан Бекзатов.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support