- Advertisement -

Алматыда жатақхана өртенді: 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды

66

- Advertisement -

20140227112520Алматыда колледж жатақханасы өртеніп, ондағы 301 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Бостандық ауданында орналасқан Республикалық спорт колледжінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама таңғы 4:25-те түскен.

Өрт сөндірушілер АЛ-37 автобаспалдағымен терезелердан адамдарды  шұғыл шығаруға кіріскен. Өрт ошағын анықтауға қабаттардағы қалың түтін кедергі болды. Барлығы 301 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жау 10 шаршы метрді шарпыған. Қызыл жалын таңғы 4:56-да ауыздықталып, 5:06-да толық сөндірілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support