Motorola бренді жойылатын болды

59

Ұялы байланыстағы Motorola бренді айналыстан шығарылады. Бұл туралы компанияның директоры Рик Остерлох мәлімдеді.

ХХ ғасырда байланыс саласындағы әлемнің беткеұстар компанияларының бірі болған Motorola-ның жаңа ғасырда жолы болған жоқ. Бәсекеге төзе алмаған компанияны алдымен интернет алпауыты Google сатып алып, оның негізінде өз ұялы телефондарын дамытуды көздеген. Алайда жоспары өзгеріп, 2014 жылы оны қытайлық Lenovo корпорациясына 2 миллиард 910 миллион долларға сатты.
Қытайлықтар да осы арқылы смартфондар нарығындағы орнын күшейтіп, Apple және Samsung-пен бір қатарға тұруға үміттенген. Алайда Motorola бренді телефондарының сатылымдары үмітті ақтамай, 30 пайызға кеміді. Енді Lenovo өз өнімдерінен Motorola брендін біртіндеп алып тастап, Moto атауын дамытуды көздеп отыр.

jas.kz

Comments are closed.