- Advertisement -

Тәртіп сақшылары ғ. Байтасовты еске алды

86

- Advertisement -

Облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде шағын футболдан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған турнир өтті. Облыстық деңгейдегі он мекеме қызметкерлері (40 жастан асқандар арасында) өзара шеберлік байқасқан бұл турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйлеп, батыр Ғ.Байтасовтың ерлігіне тоқталып, есімі ел жадынан кетпейтінін айтты. Турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Халық Қаһарманының ағасы Сейсен Байтасов, ұлы Арманжан Әбдібеков өмірі мен ерлігі елге белгілі тұлғаны сағынатындарын, Ғазиздың бейнесі көңілдерінде сақталатынын айтып, турнирді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Турнирдің алғашқы ойынында облыс әкімі аппаратының командасы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының құрамасын 7:1 есебімен айқын жеңіп, келесі кездесуде «Қазфосфат» ЖШС-ның командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Облыстық ішкі істер департаменті алғашқы қарсыластарын 6:2 есебімен жеңіп, «Ауыл – береке» базарының құрамасын 5:1 есебімен ұтты. Облыс бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті құрамасы бірінші ойындарын «Ауыл – береке» базарының жігіттерінен құралған команданы 5:2 есебімен жеңді. Өзге командалар арасындағы ойындар да қызыққа толы болды.
Жартылай финалда облыс бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті құрамасы облыс әкімдігі аппараты құрамасын ұтса, облыстық ішкі істер департаменті құрамасы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрамасынан басым түсті. Шешуші ойында облыс бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті құрамасы облыстық ішкі істер департаменті құрамасынан мерейі үстем болып, турнир жеңімпазы атанды. Үшінші жүлде үшін таласта облыс әкімдігі аппаратының құрамасы «Қазфосфат» серіктестігінің құрамасынан басым түсті. Бұл футбол додасында жеке ойыншылар да түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Облыстық ішкі істер құрамасының ойыншысы Әскербек Саққұлов «Үздік қақпашы», облыс бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ойыншысы Талғат Алиев «Үздік ойыншы», 11 гол соққан Әбдірәсіл Анарметов (облыс әкімдігі аппаратынан) «Үздік шабуылшы» атанды.
Халық Қаһарманына арналған турнир осымен екінші жыл өткізіліп отыр.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support