- Advertisement -

Достықтың туын тік ұстап

190

- Advertisement -

Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту» орталығының ұйымдастыруымен өткізілуі көзделген апталық іс-шаралар жоспары «Қазақстан-достық мекені» тақырыбындағы фестивальмен басталды. Іс-шараның ашылу салтанатында «Мемлекеттік тілді оқыту» орталығының директоры Күлшат Қожатаева сөз сөйлеп, халық пен халықты достастыратын тілдің мәніне терең тоқталды. 

Келесі сәтте орталықта қазақ тілін үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің өнеріне кезек берілді. Атап айтқанда, тереңдетілген топ тыңдаушылары Михайл Хундяков, Екатерина Цесараева, бастауыш топ тыңдаушысы Марина Свинаренко, жалғастырушы топ тыңдаушысы Камила Нариман төл тілімізде өлеңдер оқып, еркін сөйлеп, көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ, жалғастырушы топ тыңдаушысы Шофхат Аширов, ТарМУ-дың студенті Аяулым Сембек патриоттық әндер шырқады.
Осындай фестиваль 16 ұлттың өкілі тұратын Қордай ауданында да жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шаралар мекемелер арасында «тіл – достықтың бірлігі» атты қабырға газеттерін шығару байқауымен, «Тіл білгірі» атты танымдық сайыспен және ағылшын тілі тыңдаушылары арасындағы интеллектуалды ойындармен жалғасын табатын болады.

Есет Досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support