- Advertisement -

Таэквандо: Қазақ саңлақтары Аргентинада 4 жүлдеге қол жеткізді

67

- Advertisement -

20150902155126Латын Америкасында «Argentina Open» турнирі өз мәресіне жетті. Үшінші халықаралық ашық біріншілік Аргентина астанасы Буэнос-Айрос қаласында 29-30 тамыз күні өткен болатын, деп хабарлады ҚР Таэквондо федерациясының баспасөз қызметінен.

G-1 дәрежесіндегі беделді жарыста барлық жас категориялар, атап айтқанда кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер сынға түсті. Жалпы алғанда 500-ден астам саңлақ үздіктерді анықтады.

Қандастарымыз елдің бас қаласы Буэнос-Айрес төрінде өткен байрақты додада 4 жүлдеге қол жеткізді. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Жапаров Руслан үздік шығып, чемпион атанды. Финалда жерлесімізге қарсы жергілікті Мартин Сио шыққанына қарамастан, 6:12 есебімен сенімді жеңіске жетті. 68 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдені таэквондо әлемінде ең танымал отбасы мүшесі Марк Лопес пен біздің Қайрат Сарымсақов сарапқа салған болатын. Өкінішке орай, тартысты өткен кездесуде Қайрат қарсыласына қайратын өткізе алмай, 2:5 есебімен жол беріп қойды. Қалай болса да күміс жүлде қоржында. Ал қыздар арасынан Адангорова Фариза мен Ергешова Феруза қола жүлдені қанағат  тұтты.

Латын Америкаға ұлттық құрама француз маманы Филип Пинер мен Жаңбыров Нурболат жетекшілігінде барған болатын. Аргентина даянгтерінде ел намысын 7 саңлақ қорғады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support