Елбасы: 2018 жылға дейін түрлі бастамаларға мораторий енгізу қажет

88
2018 жылға дейін түрлі бастамаларға мораторий енгізу қажет. Бүгін Ақордада экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі кеңес өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Жиын барысында Елбасы жаңа экономикалық ақиқаттарды ескере отырып, барреліне 30-40 доллар деңгейіндегі мұнай бағасына бейімделу қажеттігін атап өтті.

«Өткен жылдары ішінде біз көп құрылыс салдық, штат санын және жалақы деңгейін көтердік. Бірақ қазір қаржы жетіспеушілігі байқалады. Осыған орай жаңа жобаларға шығыстар кіріс базасының кеңейтілу мүмкіншілігімен қатаң шектелетін болады. Сондықтан 2018 жылға дейін түрлі бастамаларға мораторий енгізу қажет. Бұл бүгінгі күн шындығынан туындаған амалсыз шара», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы 2018 жылы республикалық бюджет тапшылығын 1 пайызға дейін төмендетуді тапсырып, тапшылықты қаржыландыру тек қана ішкі резерв есебінен жүргізілуі тиістігіне баса назар аудартты.

Comments are closed.