- Advertisement -

64 отбасы баспаналы болды

159

- Advertisement -

8f969b93d281caf17c92cd9f1acf7488Қаратаулықтардың қуанышында шек жоқ.  Қаратау қаласы  Б.Момышұлы көшесінде жалпы алаңы 2586, 8 шаршы метрді құрайтын 64 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – 64 отбасы баспаналы болды деген сөз.

Кезекте тұрған тұрғындарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пәтер кілтін тапсырды.
– Бұл – «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жемісі. Елбасының тапсырмасына сай қабылданған бағдарламаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және асыраушысыз қалған жетімдерге қолдау көрсету. Міне, сондықтан біз жеке секторға өтіп, қараусыз қалған көп қабатты тұрғын үйлерді коммуналдық меншікке қайтарып алып, жөндеуден өткізіп, тұрғын үй мәселесін шешудеміз. Мына 64 пәтерлі тұрғын үй – солардың бірі. Алдағы уақытта да бұл іс жалғасын таба беретін болады. Қазір Қаратау қаласында 1142 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың да баспаналы болатын күні алыс емес, – деді Бекболат Серікбекұлы.
374e91f7b49d50b7cafcf5e3cc4cd0eeБаспаналы болып, қуанышқа кенелгендердің арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Емельянов, ауған соғысының ардагері Талап Бидайшиев те бар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 9 жасқа да пәтер кілттері тапсырылды. Салтанатты шарада замандастарының атынан Қуанышбек Тәшқараев жүрекжарды лебізін білдіріп, жастарға осындай қолдау көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізді.
Б. Момышұлы көшесіндегі №8 көп қабатты тұрғын үй 240 миллион теңгеден астам қаржыға коммуналдық меншікке қайта сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Құрылысты жүргізген мердігер компания– М.Семізбаев басқаратын «Пазыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Сәулембай Әбсадықұлы,
«Ақ жол».

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support