- Advertisement -

Астанада гипермаркетті емін-еркін кезген кеміргіш тұрғындарды тағы шошытты

49

- Advertisement -

 pogudxsp4cv9u1tqg.df0efcfaАстана тұрғындарын ең танымал гипермаркетті емін-еркін кезген кеміргіш тағы шошытты деп хабарлайды арнасы.

Астанадағы кісі көп келетін гипермаркеттердің бірінде тышқан өрікті кеміріп тұрған суретті тұтынушылардың бірі түсіріп алған.

Соған қарағанда, жеміс-жидек пен азық түлік арасын емін-еркін аралап жүргенге ұқсайды.

Мұндай жайт елордада бірінші рет емес. 3 ай бұрын да дәмханалардың бірінде ауыз салып, шу қыққан еді.

Кейін сол кафе жабылып тынған. Тышқанмен аты шыққан  гипермаркеттің есігіне де қара құлып салынуы ғажап емес.

“Қазір “Green” гипермаркетін тексеріп жатырмыз.  Егер кінәрат табылып жатса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Айыппұл саламыз. Тіпті, гипермаркет жұмысын тоқтатуы мүмкін”, – дейді Астана қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Федор Пеев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support