- Advertisement -

Ел экономикасына үлкен қозғау әкеледі

66

- Advertisement -

Пан Сук КИМ, 
Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының 
төрағасы (Оңтүстік Корея).

Ең алдымен, Қазақстанның даму жағдайы туралы айта кеткім келеді. Мен әсем қала Астанаға осы келген сәтімде оның көріктеніп бара жатқанына көз жеткіздім. Өйткені, мұндай заманауи жаңа қалалар әлемде көп емес. Осының өзінен Қазақстанның дамуы қарышты екендігін байқауға болады. Қазақстан дамуына, менің ойымша, оның басшылығының ашық саясат жүргізуі, әлемдік қауымдастықпен интеграциялануға үлкен мән беруі жағымды ықпал етуде.

Қазақстан қазіргі уақытта өзінің мемлекеттік қызмет саласын реформалауға үлкен көңіл бөлуде. Бұл жөнінде алғашқы нәтижелер де жоқ емес. Дегенмен, үлкен істер алда тұрған секілді. Өйткені, Қазақстан Президенті кешегі күні ғана жарияланған бес реформасында бұл мәселеге басты назар аударған. Кадрлардың мемлекеттік қызметте өсу мүмкіндіктері мен баспалдақтарын айқындап берген. Оларға жалақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуді көздеген. Менің ойымша, реформаның бұл бағытының нәтижесі жемісті болады. Ал мемлекеттік қызмет саласының реттеліп, дұрыс жолға түсуі ел экономикасына үлкен қозғау әкеледі. Сондықтан мен қазіргі күні Қазақстандағы қолға алынып жатқан осынау іргелі шараға қолдау білдіремін. Басқа да елдер осындай маңызды реформаны жеделдетіп қолға алса жөн болады деп есептеймін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support