Біртекті ұлттың болашағы зор

Біртекті ұлттың болашағы зор
ашық дереккөз
Біртекті ұлттың болашағы зор

 Амир Халиков, облыстық татар-башқұрт  этномәдени орталығының  төрағасы.

Еліміздің мемлекеттігін нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға бастайтын Республика Президентінің Қазақстанды өркендету жолындағы бес халықтық реформасының төртінші бағыты болашағы біртұтас ұлт құрауды мақсат тұтады. Онда Елбасы азаматтық қағидатқа негізделген қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажеттігін, бұл ретте мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетіндігін, болашағы біртұтас ұлт құру үшін қазақстандықтардың жаңа жалпы ұлттық қазақстандық құндылықтарды, атап айтқанда, құқықтың үстемдігін, мемлекеттік дәстүрлерді өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюлары керектігін және мемлекеттің аса маңызды құжатында ресімделген Мәңгілік Ел идеясының жалпыазаматтық құндылықтар жүйесі ретінде көрінуі тиістігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының бұл тұжырымы жуырда ғана Ұлт көшбасшысының жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары ретінде барша қазақстандықтарға ұсынылған 100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын төртінші тарауында да айшықты көрініс тауып отыр. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев аталған құжаттағы 86-қадамда, бүгінде халықаралық қауымдастық ұлтаралық татулықтың ұйытқысы ретінде танып, үлгі тұтып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына «Үлкен ел — үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды жүктейді. Бұл игі қадамның қазақстандықтардың біртектілігін нығайтуға және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыруға жағдай туғызатындығына тоқталған. Елбасы осы орайдағы барлық жұмыстардың Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және «Астана — Еуразия жүрегі», «Алматы — Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен тығыз байланыста іске асырылатындығын атап көрсеткен. Ежелгі қазақ жері оның байырғы тұрғындары — қазақтардың және тағдыр талайымен осында қоныс аударып келген сан ұлттың өкілдерінің тату-тәтті достығы, ынтымақ-бірлігі жарасымды жарастық тапқан өңір екендігі белгілі. Мемлекет басшысы ұсынған Қазақстанды өркендету жолындағы бес халықтық реформа мен оны жүзеге асыру барысында жасалатын жүз қадам еліміздегі осы рухани келісімді одан әрі нығайтып, елдігімізді айшықтай түсері даусыз.

Ұқсас жаңалықтар