- Advertisement -

МОЙЫНҚҰМДАҒЫ «ЭВРИКА-БАРИТ» – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

110

- Advertisement -

13Мойынқұм ауданындағы «Эврика-Барит» ЖШС – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі мұнай-газ өндіретін нысандарға жоғары сапалы гравитациялық бариттік күрделендіргішті өндіретін және жеткізіп беретін ірі кәсіпорын. Бұл өнім өзінің жоғары сапалылығымен, техникалық талаптарға толық жауап беретіндігімен бағалы әрі мемлекеттік және 13 A API (American Petrolium Institute) стандарттарына сай. Ауыр металдар мен түрлі қоспасы жоқ, экологиялық таза өнімді өз кәдесіне жарататын тараптар дән риза.

«Эврика-Баритте» жылына 120 000 тонна ұсақталған барит концентраты мен 30 000 тонна гравитациялық барит концентраты өндіріледі. Сұраныс ұлғаймаса кеміген емес. Ол өнімнің айтарлықтай сапалы екенін айғақтайды. 2014 жылы аталмыш ұжым төгілген тердің нәтижесінде 2 590,0 миллион теңге табыс тапқан. Жүзге жуық жұмысшының орташа айлық жалақысы жүз мың теңгеден асып жығылады.
Өнім көлемін арттыру және кәсіпорынды одан әрі дамытуға байланысты бірқатар шешім қабылданып, ұнтақтау кешенін кеңейту үшін құрылыс жүргізілуде. Сонымен қатар бастырмалы алаң бетондалып, дайын өнімдерді сақтау орны ұлғайтылған.

Байжан ЕМБЕРДІ,
«Ақ жол».

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support