- Advertisement -

Тәлімді мамандар топ жарды

114

- Advertisement -

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі болашақ. Күні ертең еліміздің тұтқасын ұстайтын бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі түзу болмағы абзал. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, бала тәрбиесінде ата-анадан кейінгі орында тұратын балабақшаның маңызы зор. Әсіресе, баланың екінші анасындай болатын ондағы тәрбиешілердің берер тәлімі де бүлдіршінге ерекше әсер етері сөзсіз.
Осы орайда Тараз қаласындағы №5 «Ақ желкен» балабақшасында «Жыл тәрбиешісі – 2015» байқауы өтті. Мектепке дейінгі мекемелердегі дарынды педагогтарға қолдау көрсету және оларды анықтау, ең үздік тәрбиешілердің кәсіби тәжірибелерін тарату мақсатына негізделген байқауға сегіз үміткер-тәрбиеші қатысты. Қатысушылар шара барысында «Өз мамандығым – өмірімнің қалауы», «Ойната отырып дамытамыз» кезеңдері бойынша сынға түсті. Жаңа инновациялық технология элементтерін қолдана отырып ұйымдастырған оқыту әрекеттерін барынша жоғары деңгейде көрсетуге тырысқан тәрбиешілердің бәрі де өз біліктіліктерінің жоғары екендерін байқатты. Десек те, байқау қорытындысы бойынша өз ерекшеліктерімен көзге түсіп, топ жарғандар әділқазылар тарапынан лайықты бағаларын алды. Нәтижесінде, Гүлзина Құлашбаева бас жүлдені жеңіп алса, Әсел Нұрпейісова I орын мінберінен көрінді. Ал Әсел Бектұрова II орынға лайық деп табылса, Ләззат Қуанышева III орынды қанағат тұтты.

Жазира Есмурзаева,
әдіскер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support