- Advertisement -

Алғашқы көмек – орны бөлек

11

- Advertisement -

Бүгін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккен адамға дәрігерлер келгенге дейін көрсетілуі тиіс алғашқы көмектің маңызды шараларын пысықтады.

Бұл күні жолшылар жедел жәрдемге дейін қажетті медициналық ем шараларын жасаудың дұрыстығын қарастырды. Жалпы, кез келген алғашқы көмек жәбірленушінің қандай жарақат алуына байланысты көрсетіледі.

Өңірлік филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде бірқатар негізгі ережелерді қатаң сақтау қажеттігін баса айтты.

— Мұндай жағдайда ең алдымен, оқиға орнын жіті тексеру қажет. Мұнан соң, зардап шегушінің жағдайын анықтап, жедел жәрдем шақырған дұрыс. Сондай-ақ, жәбірленушінің денсаулығы күрт нашарламауын назарда ұстаған жөн. Бастысы, зардап шеккен адамды сабырға шақыру аса маңызды, — дейді Ж.Шәкірбаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support