- Advertisement -

Жол ережесін бұзып, желіге жариялағандар жазаланды

11

- Advertisement -

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында көлік жүргізушілері тарапынан ұдайы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнежазбалар арқылы анықталған көліктердің жүргізушілері құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ олармен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көлік құралдары айып тұрағына қойылған.

Әлеуметтік желідегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол ережелерін бұзу оқиғалары көбінесе 18-28 жас аралығындағы жүргізушілер тарапынан контент жинау мақсатында бейнежазбаға түсіріле отырып жасалады. Айта кетерлігі, олар өз әрекеттерімен өзге көлік жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығына қандай қауіп тудырып отырғанын ескермейді.

Осыған орай, Жамбыл облысының Полиция департаменті Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қызық үшін құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертеді.

Фото: gorodtaraz.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support