- Advertisement -

Көктемде адам ағзасына қандай дәрумен қажет? Дәрігер кеңесі

21

- Advertisement -

Көктемде адам ағзасына бірнеше есе дәрумендер қажет. Себебі суықтан жылыға өткен мезгілде дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінен иммунитет әлсірейді.

Соған орай дәрігерлер С, D, А, Е, В1, В2 және РР дәрумендерін тұтыну керек екенін айтады. Қазір кез келген дәріханадан дәрумендерді сатып алуға болады. Дегенмен, дәрумендерді өздігінен қабылдауға болмайтынын ескерген жөн. Оларды мөлшерден тыс бей-берекет қолдану да ағзаның нашарлауына алып келуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде дәрігердің кеңесімен талдау жасап қабылдау керек.

Ал ағзада дәрумен тапшылығы болмас үшін теңіз балығы, кептірілген жеміс пен жаңғақтар жеген дұрыс дейді дәрігерлер. Сондай-ақ күнделікті ас мәзірінде брокколи, ашытылған қырыққабат, апельсин, пияз, сәбіз, рукола болса, дәрумен жетіспеушілігі болмайды.

Фото-коллаж: Назерке Сәндібек

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support