- Advertisement -

Тараз қаласының тұрғыны әпкесінің атынан үш несие рәсімдеген

18

- Advertisement -

Тараз қаласының полициясына өз атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп ойлаған жергілікті тұрғын шағымданды,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше ай ішінде әйелдің інісі өзінің телефонына әпкесінің атынан банктің мобильді қосымшасын орнатып алып, жалпы сомасы 1 782 480 теңге көлемінде үш рет ақшалай несие рәсімдегенін анықтады.

Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан ақшалай қаражат ұсталған кезде білген.

Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

фото ашық дереккөзден алынды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support