- Advertisement -

Ұлыбританияда Қазақ орталығы ашылды

19

- Advertisement -

Тұманды Альбионда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени-достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған Қазақ орталығының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританиядағы қазақтардың саны жылдан-жылға артып келеді. Озық оқу орындарында білім алып жатқан студенттер және жергілікті компанияларда уақытша жұмыс істейтін отандастарымыз көп. Жырақта жүрсе де, жүрегі туған жер деп соғады. Қазақ орталығы ең алдымен сол қазақтардың басын біріктіруді мақсат етіп отыр.

«Жалғыз Түркиядан келген қазақ диаспорасы емес, Қытайдан, Моңғолиядан, Қазақстаннан, әртүрлі мақсатпен келгендер бар. Осы жақта 250-ден астам қазақ қыздары бар. Олар британиялықтарға тұрмысқа шыққан. Солардың басын құрап, қазақ мәдениетін, қазақ дәстүрін, қазақ тарихын, қазақ жастарына болсын, соларға үгіттеп жатырмыз», — дейді Ұлыбританиядағы Қазақ орталығының төрағасы Исмаил Кесижи.

Шетелдіктердің қазақ мәдениеті мен өнеріне деген қызығушылығы зор. Димаш Құдайбергеннің танымалдылығы артқалы бері тіпті көбейген. Ресми тіркелген жанкүйерлерінің саны мың жарымнан асып жығылады. Сүйікті әншісінің әндерін түсіну үшін қазақ тілін үйреніп жүр. Бұл іс-шарада олар қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен танысты.

«Бұл іс-шараны студенттердің өздері ұйымдастыратыны қуантады. Олар білім алып қана қоймай, көпшілікпен араласып, көкжиегін кеңейтеді. Елшілік мұндай бастамаларды әрдайым қолдап отыруға дайын», — деді Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясов.

Орталық қазақстандық дарынды жас музыканттарды Ұлыбританияға шақырып, өнерін насихаттауды жоспарлауда. Бұдан бөлек, отандық кәсіпкерлердің өнімімен жергілікті халықты таныстыруды да ойластырып жатыр. Орталық қызметкерлері қазақтың биі мен киімдерін трендке айналдыруды мақсат етеді.

/Фото: Ғалымжан Қараманұлы/Kazinform

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support