- Advertisement -

Барлық мәселе заң аясында қарастырылады

38

- Advertisement -

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылының тұрғыны ауыл халқының басты мәселесіне айналған көше жарығы мен қоғамдық көлік мәселесін көтерді.

Жамбыл ауданының тағы бір тұрғыны Оңласын Әубәкіров ауыл шаруашылығын дамыту бойынша өз жобасымен бөлісіп, кәсібіне ықпал етуін сұрады. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек, баспана алу, қайтарымсыз грантқа қатысу сынды мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support