- Advertisement -

Жетісай қаласының тұрғыны Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

25

- Advertisement -

Полицияға Тараз қаласының тұрғыны жүгініп, алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлаған. Әйел адам әлеуметтік желіде Қытайдан арзан бағамен ыдыс-аяқ пен басқа да тұрмыстық керек-жарақтарды сататын интернет-дүкенді көрген.

Әйел өзіне ұнаған тауарларды таңдап, мессенджер желісі арқылы хат жазысқан сатушы әйелдің жеке шотына 141 800 теңге сомасында ақша аударған. Алайда, көрсетілген уақытта әйел өз тауарларын ала алмаған, сонымен қатар онымен сатушы байланысқа шықпай, нөмірін бұғаттаған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Hi-tech» жедел- алдын алу шаралары шеңберіндегі жедел- іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлерімен Жетісай қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі таңда әйел азаматша кінәсін мойындады, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

 

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support