- Advertisement -

Гаагада конвенцияға Қытай Халық Республикасы қосылды

28

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға 2001 жылғы 30 қаңтарда қосылсын. Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады. «Апостиль» мөртабаны – дипломаттық немесе консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын, қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейтін мейлінше жылдам, жеңілдетілген заңдастыру рәсімі. Бұл құжат Гаага конвенциясына қосылған барлық уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады. Қазіргі таңда 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына 107 қатысушы мемлекет бар.

Биыл 8 наурызда Қытай Халық Республикасы 1961 жылғы 5 қазанда Гаагада жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды. Конвенция Қытай Халық Республикасына қатысты 2023 жылғы 7 қарашадан бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін конвенция Қытай Халық Республикасының Гонконг пен Макао арнайы әкімшілік аудандарына ғана «апостиль» мөртабанын қою қолданылған болатын.

Апостиль қою бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 сәуір 2001 жылғы №545 қаулысына сәйкес, өкілеттіктерге ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар айқындалған:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

2) Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі;

3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

4) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi;

5) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (келісу бойынша) – сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға;

6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі;

7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

8) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

Көрсетілген органдар апостиль қою жөніндегі өкілеттіктерді өздерінің аумақтық органдарына беруге құқылы.

Егер құжат дайындап баратын ел Гаага конвенциясына қатысушы мемлекет болып табылмаса, құжатты консулдықта заңдастыру қажет. Бұл құжатты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің органдарында, содан кейін сол елдің Қазақстан Республикасындағы консулдығында куәландыруды қамтитын неғұрлым күрделі рәсім. Бұл ретте құжат консулдықтың белгісі тұрған елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Ғани АҒАЙДАРОВ,

Жамбыл облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support