- Advertisement -

Неміс кәсіпкерлерін құрылыс саласы қызықтырып отыр

68

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік іссапармен келген Германия Президенті Франк- Вальтер Штайнмайерді қабылдады. Президентіміз Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең басты экономикалық серіктесі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бүгінде Германия компаниялары біздің экономикамызға шамамен 6 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйыпты. Бұл инвестицияның шамамен 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі. Сондай-ақ, елімізде неміс капиталының үлесі бар 1000-нан астам компания белсенді жұмыс істеуде.

Қазақстан мен Германия Президенттерінің Астана қаласында өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың бірі – Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Кнауф Гипс Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдері арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім.

«Кнауф Гипс Тараз» ЖШС Жамбыл облысында құрылысқа арналған гипсокартон және құрғақ қоспалар өндіру жобасын жүзеге асыруға ниетті. Жоба құны шамамен 15 миллиард теңгені құрайды. Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жамбыл ауданында жоспарланған бұл жобаны 2023-2026 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. Өндірілген өнімі ел аумағында өткерілмек.

Компания жақын арада жаңа зауыттың құрылысына 60 миллион еуро инвестициялауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда аталған серіктестік инфрақұрылым құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуде.

Бүгінгі таңда бұл компаниядан бөлек, облыста тағы бір неміс компаниясы, атап айтсақ, «Monterra Qasaqstan» ЖШС доре алтын өндіру жобасын жүзеге асыруда. Қуаттылығы 10 мың килограмм доре қорытпасын құрайтын жобаның құны 832 миллиард теңгені құрайды. Жоба жүзеге асқан жағдайда 800 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қордай ауданындағы жоба 2026 жылға қарай толығымен іске қосылады деп көзделуде. Қазіргі уақытта құрылыс- монтаж жұмыстары жүруде.

Сонымен қатар, «SYBAC SOLAR» неміс компаниясы аймақта қуаттылығы 400 мегаватты құрайтын күн электр стансасын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support