- Advertisement -

Спорттық алаңдар салынуда

38

- Advertisement -

 Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылынан баскетбол мен стрит воркаут алаңшасы ашылды.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «QazaqGaz» барлау және өндіру ЖШС және «Дамыған әлем» қоғамдық қорының тапсырысымен салынған нысанның құрылысын «Tradetech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Спорттық алаңның бір мезетте 20 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.

– Ауылдың игілігіне, жастарымыздың бос уақытын тиімді пайдаланып, бұқаралық спортты дамытуға осындай нысандарды салып беріп отырған демеушілерге алғыс айтамыз. Бөлтірік шешен ауылындағы алаңша 30 миллион теңгеге, Ойық ауылындағы саябақ және осындай спорттық алаңша 100 миллион теңгеге салынып жатыр.Үлкен еңбек жұмсалған жаңа нысандарымыз ел игілігіне жарап, еліміздің абыройын асқақтатып, әлемдік додаларда топ жарар спортшыларымыздың қатары арта берсін! – деді Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков.

Бұл ауылдан Бейбіт Ыстыбаевтай спортшылар шыққанын тілге тиек еткен облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Арман Тәшметов бұқаралық спортты дамытуда жүзеге асқан істер жалғаса беретінін айтты.

– Биыл «Амангелді газ» кен орнына 20 жыл толуда, осыған орай «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Осы ауылдағы спорт алаңымен қоса Үшарал, Ойық, Ұланбел ауылдарында да саябақ салынып жатыр, – дейді «QazaqGaz» барлау және өндіру ЖШС-ның директоры Алмас Қуандық. Спорттық нысанның ашылуына барған меймандарға Ойық ауылында салынып жатқан волейбол және стрит воркаут алаңшасының құрылысы да таныстырылды. Бұл нысанның да салынуына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «QazaqGaz» барлау және өндіру ЖШС және «Дамыған әлем» қоғамдық қоры сеп болған. Нысан құрылысы алдағы шілде айының соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланыпты. Облыстағы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын салу және жақсарту бойынша жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үшжақты серіктестігі аясында жүргізілуде.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support