- Advertisement -

Ұлыс күнгі ұлағат

169

- Advertisement -

Көктемнің алғашқы айында жылы шуағын төгіп жеткен Наурыз мерекесі әр отбасына жылылық сыйлайтыны анық. Күн мен түн теңелген тәулікте бүкіл табиғат бусанып, тіршілік жанданып сала беретіндей. Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі Тараз қаласындағы аумақтық округтерде кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік шаралар барысында көпшілік салт-дәстүр қойылымдарын, ертегі кейіпкерлерін, театрландырылған көріністер мен ұлттық ойындардын тамашалады.

Әсіресе, No2 аумақтық округ тұрғындары Ұлыстың ұлы күніне ерекше дайындық жасап, мерекеге ортақтасушы игі жақсылар аз болмады. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков те аталған округ тұрғындарының арасында болып, көпшілікті мерекемен құттықтады.

— Әз Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер- Ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады.

Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.

Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақжарма тілекпен қарсы алады.

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін!

Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын! – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Бұл күні округ халқы бір үйдің баласындай тату-тәтті тіршілігін дәріптеп, түрлі ойын-сауық іс-шарасына белсене атсалысты. Ырысы мен берекесі артқан жұртшылық жаңа жылда жақсы тілек тілеп, әсем ән мен күйден шашу шашты.

Аталған округтің өнерпаздары өнерлерін паш етіп, келушілерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, «Қазақтың келіндері-ай» атты байқау ұйымдастырылды. Әз Наурыз «Хамукат» тұрғын алқабында осылай әдемі думанмен өтті.

Бұдан кейін шаһар басшысы No4 аумақтық округтегі мерекелік думанға арнайы барды. Мұнда округ тұрғындары арасында асық ату, ләңгі тебу, қол күресі, күрес, арқан тартыс сынды түрлі спорттық ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, мерекелік дастарқан жайылып, Наурыз тағамдары тарту етілді.

Осы күні аумақтағы жасы үлкен қарияларға сый-сияпат жасалды. Келесі кезекте қала әкімі No5 аумақтық округке аялдады. Көпшілікті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған шаһар басшысы өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ұлыстың ұлы күнін Тараз қаласындағы «Арай-2» шағынауданының тұрғындары көршілерімен бірігіп, көңілді атап өтті.

Қала әкімдігі ұйымдастырған шараға No3, 4 көпқабатты үйдің тұрғындары қатысты.

Аулада сахна тігіліп, жан-жақтан жиналған көршілер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады. Жүздері қуанышқа толы балалар асық, шахмат, тоғызқұмалақ секілді ойындарды ойнады. Ал, ересектер арқан тартып, гір тасын көтеруден өзара мықтыны анықтады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ән айтылып, бишілер мың бұрала биледі. Тұрғындарға дастарқан жайылып, көңілді ойындар ұйымдастырылды.

Осылайша, қаладағы 11-округтің тұрғындары жыл басы – Наурыз мерекесін бар сән-салтанатымен қарсы алды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support