- Advertisement -

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»

114

- Advertisement -

Қаламын жанына серік етіп жүрген оқырмандардың редакциямызға жолдаған шағармаларын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ана тілегі

Балалардың амандығын ойланам,
Мөлдір, таза қалпын көрем айнадан.
Ұл-қыздарым алғыс алса өзгеден,
Сол марапат – ұлан асыр той маған.

Ана болар ұлды ойлайтын бір адам,
Қыздарыма болып жүрем шын алаң.
Ақылына көркі сәйкес ұл-қызым,
Бұл өмірден жол тапты деп қуанам.

Жаратқаннан сәттілік пен мән тілеп,
Егіледі ұрпағым деп жан-жүрек.
Қуанамын перзенттерім, немерем,
Қатарының жүрсе егер алды боп.

Ойтолғау

Тарихтың таңба болған қойнауында,
Тағылымы бар елімнің айдарында.
Сын өткелдер, жолдар бар тайғақ болған,
Жұртымның жігер мінез сай бағына.

Қалдырдық өткен күнге талайларды,
Күреске толы болған сан айларды.
Халқым деп нар идірген осы жолда,
Білеміз Жамбыл менен Абайларды.

Бірлікпен сая болған маңайында,
Қарамай жат, жақынмен ағайынға.
Еңбек еткен елеулі бұл көрініс,
Ақ түскен аналардың самайында.

Әйгіліміз бұл күнде шартарапқа,
Мақтан шығар бұл бейне азаматқа.
Қазақ деген бір елміз, батыр қайсар,
Ашамайдан мінгізген қазан атқа.

Кешегі өрендердің үні дер ем,
Тар жолда тайсалмаған, сүрінбеген.
Осындай тарихы бар арда қазақ,
Мың өлсе де, ертеңнен түңілмеген.

Ел үшін қорған болар қайсар ұлмыз,
Айбарынан сескенер байтақ үнбіз.
Тәуелсіз аспанымда қанат қақсақ,
Желбірейді биікке байрағымыз!

Батыр Бауыржан Момышұлы

Батыр аты төрден орын алуда,
Отаным деп қолын созған қаруға.
Ерлігінің өзі ерек болған соң,
Құрметтеген досы түгіл, жауы да.

Қазағымды бір ауыз сөз би еткен,
Тіпті жауды қайтарған ғой жиектен.
Мақалдай қып әлі айтамыз Баукеңнің,
Көп сөздерін өтетінін сүйектен.

Таутұлғаның елі болды тілегі,
Осы жерден тілегіміз бір еді.
Өлеңі мен өнері де ұштасқан –
Егіз маған оның ақын жүрегі.

Басымыздан күндер де өтті баршылық,
Ғұмыр кештік алға өрлеп, талпынып.
Әже болған шағымда да тілеймін,
Бақытты боп өссін ұрпақ, тал шыбық!

Бақыт

Бірінші бақыт аспанның ашық болғаны,
Екінші бақыт – дос, туыс, үй ордалы.
Асыл жарың жылу беріп жаныңа,
Балаларың болып жатса олжалы.

Үшінші бақыт баланы бағып-қаққаның,
Немере сүйіп, өсіп-өніп жатқаның.
Төртінші бақыт саған жақын жандардың,
Көру болар өз орнын тапқанын.

Отбасымнан бақыт көрдім расында,
Серік болып ел сыйлаған асылға.
Төрт бақытты тізіп айттым осының,
Шүкір бәрі болды менің басымда.

Елім, жерім, жұртым – менің кемелім,
Елім өссе, бірге өседі беделім.
Барлық ұрпақ бақытты боп әрқашан,
Ана арманы орындалсын дер едім.

Құралай ХАМИТҚЫЗЫ, еңбек ардагері.

Қыз көңілі

Мен түсінем, білемін қыз баласын,
Қыз дегенім – қарындас, ізгі анашым.
Әлемді сұлулықпен нұрландырған,
Қыз көңілі ешқашан мұздамасын.

Нәзіктік бар қыз деген аттарында,
Күн емес пе, әлде атқан ақ таңым ба?
Қыз дегенім үлбіреп өсіп тұрар,
Гүл емес пе, өмірдің бақтарында.

Қыз көңілі – мезгілдің жазы дер ем,
Баяу соққан самал жел сазы дер ем.
Қаяу салсаң кіршіксіз көңіліне,
Бұл өмірдің өтеусіз назы дер ем.

Мадияр АҚПЕНОВ,
№33 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Меркі ауданы,
Қызылдихан ауылы

Батыр Бауыржан Момышұлы

Батыр аты төрден орын алуда,
Отаным деп қолын созған қаруға.
Ерлігінің өзі ерек болған соң,
Құрметтеген досы түгіл, жауы да.

Қазағымды бір ауыз сөз би еткен,
Тіпті жауды қайтарған ғой жиектен.
Мақалдай қып әлі айтамыз Баукеңнің,
Көп сөздерін өтетінін сүйектен.

Таутұлғаның елі болды тілегі,
Осы жерден тілегіміз бір еді.
Өлеңі мен өнері де ұштасқан –
Егіз маған оның ақын жүрегі.

Өлең жаздым қолға алып қаламды,
Жақындатқан Отанменен араңды.
Аман болса қалың елім, қазағым
Ұмытпайды Бауыржандай данамды.

Жау төнгенде ел қорғауға жараған,
Әр сарбазды көмекшіге балаған.
Баукеңменен мақтанады кең дала,
Ұлтын сүйген нағыз қазақ сол адам!

Қаруы да Отан үшін қолға алған,
Майданда да өтті сынақ жолдардан.
Майдан жақтан Әуезовке хат жазып,
Елінің де ертеңі үшін толғанған.

Үлгі алдық біз Бауыржандай әз ұлдан,
Жүрегінен алтын сәуле қазылған.
Жер-жаһанда Бауыржан бар бір ғана,
Қазағымның маңдайына жазылған!

Назерке САТАЙБЕК,
Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның
8-сынып оқушысы.
Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support