- Advertisement -

Қара сораның 123 гектары жойылды

54

- Advertisement -

Өңірімізде есірткіге тәуелді жандардың саны екі мыңнан асып жығылады. Олардың басым бөлігі синтетикалық есірткінің құрбанына айналған. Бұл туралы облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен өткен мекемеаралық мәжілісте белгілі болды. Өңірдің бас прокуроры есірткі қылмысына қарсы күресте құзырлы органдар үнемі бірлесе жұмыс атқаруы қажеттігін баса айтты.

Жиында алдымен облыс прокурорының бірінші орынбасары Қанат Мамаев баяндама жасады. Қанат Есіркепұлы өз сөзінде Бас прокуратура тарапынан есірткі қылмысына қарсы арнайы жоба аясында іс-шаралар жоспары бекітілгенін жеткізді.

Онда кезең-кезеңімен есірткі өсетін аймақ көлемін азайту, оның саудасына тыйым салу әрі заң бұзғандарды қатаң жазалау шаралары қарастырылған.

Бұдан кейін облыс басшысының бірінші орынбасары Нұржан Календеров сөз алып жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмасын орындауды мықтап қолға алғанын атап өтті. Нұржан Сәбитұлы бүгінгі күнге дейін өңір аумағындағы 238 гектар қара сораның 123 гектары жойылғанына тоқталды.

Сондай-ақ ол биыл 123 гектарға топографиялық зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін өтінім берілгенін жеткізді. Басқосу барысында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және
азаптау фактілеріне жол бермеу мәселесі де қаралды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев бұл бағытта нақты жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Ал облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев «азаптау фактілеріне жол берген тәртіп сақшыларының үстінен 37қылмыстық іс қозғалды» деді.

Нұржан Ермаханұлының айтуынша, департаменттің өзіндік қауіпсіздік қызметі мен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы өкілдерінің арқасында азаматтарға қатысты 19 құқықбұзушылық
анықталған.

Жиын соңында Нұрғалым Мәжитұлы шен тағып, шекпен кигендер есірткімен күресте қашанда алдыңғы қатарда тұруы тиістігін және жабық мекемелерде азаптау фактілері орын алмауы қажеттігін баса айтты.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support