- Advertisement -

Ресей делегациясын қабылдады

41

- Advertisement -

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Д.И.Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университетінің делегациясын қабылдады. Басқосу барысында Д.И.Менделеев атындағы университет пен жергілікті жоғары оқу орындары арасындағы, атап айтқанда, ғылыми зерттеулер саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өңір мектептерінде химия және басқа да жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту деңгейін арттыру, мектептердің жоғары оқу орындарымен және кәсіпорындармен өзара желілік байланыс құру бағытында «Менделеев сыныптары» білім беру жобасын іске асыру барысы талқыға түсті. Нұржан Молдиярұлы бүгінде облыс аумағында бірнеше ірі химиялық өндіріс орындары бар екенін, бұл салаға білікті мамандарды даярлау – уақыт талабы екенін атап өтті.

Еліміздегі химиялық өнімдерді өндіру көлеміндегі өңірдің үлесі 30 пайызды құрайды. Қазіргі таңда облыс аумағында бірнеше ірі химиялық өндіріс орны бар. Аталған саланы одан әрі дамыту жоғары білікті мамандарды даярлап отыруды қажет етеді. Бұл – уақыт талабы. Сондықтан ірі жоғары оқу орындарымен жан-жақты өзара іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады, – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін сөз алған Д.И.Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университеті ректорының міндетін атқарушы Илья Воротынцев оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізу үшін жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту қажеттігін жеткізді. Ол өз сөзінде өткен жылы Ташкент қаласында аталған оқу орнының филиалы ашылғанын да айтып өтті.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында ұлттық бірыңғай тест тапсыратын 8694 жамбылдық түлектің 18,5 пайызы химиялық- биологиялық бағытты таңдаған. Жыл сайын облыстың оқушылары химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Жиын соңында іскерлік байланыстарды жандандыру мақсатында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support