- Advertisement -

Спорт саласында жетістік көп

57

- Advertisement -

Биыл облыстың спорт саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 8 жерлесіміз спорт шебері, 8-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын сәтті қорғады. 2025 жылға қарай бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 50 пайызға жеткізу көзделген.

Биыл облыста үш спорт нысаны пайда лануға беріліп, 13 спорт кешенінің құрылысы келесі жылы (2023 жылға өтпелі нысандар) аяқталады деп жоспарлануда. Астанада белбеу күресінен өткен республикалық жарыста жамбылдықтар 12 жүлдені иеленді. Таразда өткен ел чемпионатында жамбылдық «Әулиеата» көкпар құрама командасы 12 мәрте ел чемпионы атанды.

Дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирінде жерлесіміз Ғалымжан Қырықбай қола жүлдегер атанды. Даңқты жерлесіміз Елдос Сметов Ташкент қаласында дзюдодан өткен Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Бокстан ересектер арасында Иордания елінде өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз Асланбек Шымбергенов алтыннан алқа тағынса, Дулат Бекбауов күміс жүлдемен оралды.

 

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support