- Advertisement -

106 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

96

- Advertisement -

Бүгінде облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ондағы мақсат – қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шара барысында облыстың тас жолдарында 106 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін 29, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 22 жүргізуші жауапқа тартылды. Ал 4 жүргізуші ұялы телефонды пайдаланғаны үшін айыппұл арқалаған.

Бұдан бөлек, 4 жүргізушінің жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны және техникалық тексеру мерзімінің өтіп кеткені белгілі болды. Сондай-ақ лицензиялау нормаларын бұзудың 2, еңбек және демалыс режимін бұзудың 3 дерегі тіркелді.

Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерге жолда мұқият болуды және жол ережелерін қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында міндетті түрде көліктің техникалық жағдайын тексеруді ескертеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support