- Advertisement -

Түзеу мекемесінде шахматтан жарыс өтті

107

- Advertisement -

«FIDE» халықаралық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен алдағы қазан айының 13-14 күндері жабық мекемелерде жазасын өтейтін сотталған азаматтар арасында шахматтан жарыс өтеді. Осыған орай, бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер тақта тартысында өзара кім мықтыны анықтады.

Олар жарысқа ерекше ықыласпен келіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атану үшін барын салды. Тартысты өткен сайыс барысында шахмат ойынын шебер меңгергендерде кездесті.

Ал ойынның нәтижесінде Андрей есімді сотталған азамат жеңімпаз атанды. Енді ол келесі айда өтетін шахмат жарысына онлайн қатысатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support