- Advertisement -

Дәулетте – күміс, Мухымда – қола жүлде

79

- Advertisement -

Ресейдің Владивосток қаласында VІІ «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары өтуде. Аталған ойынның дзюдо бәсекесі жамбылдықтар үшін өте сәтті басталды. 66 килограмм салмақта өңір намысын қорғаған Дәулет Ержігіт бірнеше қарсыласын ұтып, тек финалда ғана есе жіберді.

Осылайша, Дәулет күміс жүлдені олжалады. Сондай- ақ, 81 килограмм салмақта Мухым Расул қола жүлдеге қол жеткізді. Жасөспірімдеріміз осылайша Азия аумағында өздерін мойындатуы – үлкен жетістік. Алдағы уақытта Дәулет Ержігіттің де, Мухым Расулдың да талай бәсекеде алтын жүлде жолында тер төгетіні анық. Осылайша, дзюдодан Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметовтың жолын лайықты жалғайтын жастар үлкен олжаға кенелді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support