Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерді тәрбиелеу процесінің тағы бір бағыты — мекеме психологының сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізуі. Осыған орай, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының тармақшаларын орындау мақсатында облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің психологы А.Сыбанбаев ұйымдастырған психологиялық тренингке мекемеде жазасын өтеуші 10-нан аса сотталған адам қатысты. Тренинг барысында психолог маман сотталғандармен жеке-жеке психологиялық сұхбат жүргізді.
— Сотталғандарды қоғамнан оқшаулатпай, ортаға тарту маңызды. Барынша қолдау білдіріп, әрі қарай көппен бірге араласып кетуін қамтамасыз ету керек, — дейді маман.
Жалпы, бұл тренингтің мақсаты – сотталғандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту сондай-ақ, сотталғандардың эмоциялық көңіл күйлерін көтеріп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Comments are closed.