- Advertisement -

10 миллиард теңгеден аса залал келтірген

49

- Advertisement -

Тараз қаласы №2 сотында мүліктік пайда табу мақсатында кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарын орындамай, тауарларды тиеп-жөнелтпей жалған шот-фактура жазып, мемлекетке 10 миллиард теңгеден аса ірі залал келтіріп, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырып, әдейі банкроттық жасаған арнайы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Кумековтердің басқаруымен құрылған қылмыстық топпен 11 жыл бойы Тараз қаласында жалған шот-фактуралар жазу үшін 30-дан астам жалған кәсіпкерлік мекемелер құрылған.

2009 жылдан бастап Н.Кумеков және басқалары Қазақстан Республикасының экономикалық қызметінің қарым-қатынасымен байланысты жүйелі түрде қылмыс жасау мақсатында қылмыстық топ құрып, мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді жасау арқылы мемлекетке аса ірі залал келтірген.

Тараз қаласы №2 сотының 20.05.2022 жылғы үкімімен Н.Кумеков, А.Кумекова, В.Абдрахманова, В.Помозов, Е.Кнатов, Н.Кнатов және А.Зияшова кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру жазаларына сотты болса, Ф.Ахмерова мен Е.Сорокинаға 3 жыл шартты жаза тағайындалды.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support