- Advertisement -

1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР

33

- Advertisement -

(1955 жыл)

1 қаңтар. №1-2 (4217). Газеттің қосарлы санында жаңа жыл мерекесіне арналған жарияланымдар, құрылысшылардың Бүкілодақтық кеңесіндегі Н.Хрущевтің сөзі, мал қыстату, көктемгі егіс тақырыптарынан хабарлар берілді. Таралымы 5250 дана болып шықты. Осы жылдың тамыз айынан бастап үлкен форматпен, төрт бет болып шығып тұрды

13 қаңтар. №10 (4225)

. Облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ә.Исмаиловтың «Жаңа ұйымдастырылған совхоздарға ерекше көңіл бөлейік» деген мақаласы шықты. Облыста жаңадан 9 тың совхозы ұйымдастырылғандығы айтылды.

16 сәуір. №78 (4293).

«Тың жердегі «Түркістан» астық совхозында». Арнаулы бет осылай аталады.

13 қыркүйек. №183 (4398).

Қант қызылшасының қызығы басты тақырыптардың біріне айналды. Бұл санындағы топтамада Свердлов ауданының «Үлгілі» колхозының нормаларын 1,5 есе асыра орындаған Шидакова, Мұсаева, Бекбенбетова сынды қызылшашылары туралы жазған Нұрмахан Шауқаровтың хабары бар. Ол кейіннен газеттің тұрақты жазып тұратын тілшілерінің сапына қосылды.

16 қыркүйек. №185 (4400).

«Озат тәжірибе – көпке ортақ» айдарымен «Жуалы ауданы сүтті көп саууға қалай жетті?» деген арнаулы бет берілді. Авторы газет тілшісі Төкен Мақашев. Аудандағы 19 колхоздың табыстары айтылады.

16 қазан. №206 (4421).

Бұл санындағы арнаулы беттің жалпы тақырыбы – «Ауыл шаруашылық көрмесі – озат тәжірибе мектебі». Меркі ауданындағы Жамбыл атындағы колхозының жүгері звеносының жетекшісі Әшім Бәйдәулетов, Жамбыл ауданындағы «Красная звезда» колхозының звено бастығы, Социалистік Еңбек Ері Сындыбала Оңғарбаева, Жуалы ауданы «Путь Ленина» колхозының аға шопаны Жайлау Байғұтов және басқалардың суреттері, сөздері берілген.

11 қараша. №223 (4438).

Мұхтар Әуезовтің «Түркістан солай туған» очеркін осы санынан бастап бере бастады. Бұл баспасөзде тұңғыш жариялануы еді.

28 желтоқсан. №257 (4472).

Газет «Бейбітшілік көшесінде» деген бір беттік репортажды оқырмандарының назарына ұсынды. Онда Шу ауданының «Белбасар» колхозындағы жаңа салынған үйлерден тұратын осы аттас көшедегі тұрғындардың тыныс-тіршілігі, тұрмысы баяндалады. Шопан, Социалистік Еңбек Ері Ә.Шәдібеков, жаңа үйленген жас жұбайлар Өмірбек Байдауылов және Сайыпжамал Иманбаева, колхоз жастары Мауты Аққұлова, Тәшен Мырзахметова, Мәкен Досмайлов және басқалары туралы жазылған репортаж авторлары газеттің арнаулы тілшілері Анарбек Айтбаев пен Дастан Қаңтарбаев.

(1956 жыл)

1 қаңтар. №1 (4475).

Үлкен форматпен, төрт бет болып, 5250 дана таралыммен шығуын жалғастырған газеттің жаңа жылдық санында Н.Хрущевтің КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясындағы сөзі, КПСС XX съезі құрметіндегі социалистік жарыс туралы топтама, ауыл шаруашылық жұмыстары жайлы хабарлар, халықаралық жағдайға шолу жарияланған.

15 ақпан. №34 (4508).

КПСС XX съезі ашылды. Газет осы жайында хабарлап, 6 наурызға дейін күн сайынғы сандарында осы съезде жасалған баяндамаларды, съезд директиваларын беріп отырды.

6 наурыз. №49 (4523).

Қаратау кен-химия комбинаты туралы «Қаратаудың қойнауы мол қазына, қайнаған өмір» деген арнаулы бет берілді. Авторы – ақын Өкім Жайлауов.

4 сәуір. №70 (4544).

Газет «Правда» газетіне шыққан «Жеке адамға табынушылық марксизм-ленинизм рухына неліктен жат» деген бір беттік мақаланы көшіріп басты.

22 шілде. №147 (4619)

. «Еңбек тыңды түлетті – дән тасқынын үдетті». «Подгорный» тың совхозының мемлекетке 2 миллион пұт астық тапсыруына орай дайындалған бет осындай тақырыппен шықты. Облыс бойынша 24 миллион пұт астық тапсыру меже болатын.

7 қазан. №201 (4683). 

Жарыстас Жамбыл және Онтүстік Қазақстан облыстарының тыныс-тіршілігіне арналған айқарма бет ұсынылды.

9 қазан. №202 (4684).

«Облыстың бір күні» топтамасы ел тынысын жақсы жеткізеді. Осы сандағы «Әдебиет беті» Құрманқұл Кішібаев, Манан Оспанұлы, Болат Әбдібаев, Сәрсембек Пернешев сияқты жаңа есімдерді, олардың өлеңдерін газет оқырмандарына таныстырды. Ақын Аманжол Шәмкеновтың «Облыс әдебиетшілері жайында бірер сөз» мақаласын да қоса берді.

7 қараша. №293 (4701).

Мерекелік санындағы «Отан – ана, табысымыз сен үшін!» топтамасы мен «Октябрьдің өрендері – өндірістің өнегелі ерлері» – тақырыптық беті мазмұндылығымен баурайды. Соңғысында сауыншы Қазына Әлімқұлова (Жуалы ауданы, «Путь Ленина» колхозы), тракторшы Масхут Нұрлығаянов (Луговой ауданы, «Подгорный» совхозы), шопан Мешітбай Қойшыбеков (Көктерек ауданы, «Мойынқұм» совхозы), қызылшашы Зухра Геккиева (Меркі ауданы, «Жамбыл» атындағы колхозы), дәрігер Нағым Мұқышев (облыстық аурухананың хирургиялық бөлімінің бастығы), машинист Ергеш Жұмағұлов (Жамбыл паровоз депосы), агроном Жаманбай Жұмашев (Байқадам МТС-інің бас агрономы), мұғалім Рәтай Ғалиева (Свердлов ауданы), комбайншы Қантбала Сырттанбекова (Байқадам МТС-і), ұста Молдабай Сағындықов («Жамбыл» паровоз депосы) туралы жақсы тілектер айтылады.

Дайындаған

Тұрсынхан Толқынбайұлы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support