- Advertisement -

Көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда

81

- Advertisement -

Кеше қала аумағындағы 4 аумақтық округте көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев және әкімдікке қарасты барлық бөлім басшылары қатысқан жиында тұрғындардың түрлі өтініштері мен мәселелері тыңдалды.

Көшпелі қоғамдық қабылдауда шаһар басшысы түрлі талап-тілектерімен келген 10 тұрғынды қабылдады. Тұрғындар көтерген арыз-шағымдардың 60 пайызы жеке мәселе, 20 пайызы әлеуметтік салаға тиесілі болса, қалғаны қоғамдық маңызы бар сұрақтар. Жалпы бас-аяғы 16 сауал түсті. Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ержан Жылқыбаев тиісті сала, мекемелердің басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, тез арада шешілуді тапсырды. Қоғамдық қабылдауда көтерілген әрбір сауал хаттамаға тіркеліп, жан-жақты зерделенетін болады.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support