- Advertisement -

Газетті кімдер басқарған?

334

- Advertisement -

«Ақ жолдың» негізі саналатын, 1922 жылғы 1 мамырдан шыға бастаған басылымдарды басқарған Құлжабаев, Камалов, Бексейітов, Баширов, Бекмұратов, Жанболатов, Молдағалиев және Сапарбеков сияқты азаматтардың жергілікті мұрағаттарда аты-жөндері, суреттері, шығарған газеттерінің сандары сақталмаған. Олардың арасында редакторлық қызметті газет ашылған алғашқы жылдары аз ғана уақыт атқарғандары да бар.

 

Анна АЛМАТИНСКАЯ

«Вольная беднота» газетінің 1922-
1924 жылдардағы редакторы.

Сыдық АБЛАНОВ

1922-1924 жылдары «Кедей еркі» қосымшасының ұйымдастырушысы
және жетекшісі болды. Қоғам қайраткері, ағартушы, әдебиетші және
драматург.

 

Жайық БЕКТҰРОВ

1939-1942 жылдары «Коммунист» газетінің
редакторы. Білікті журналист, аудармашы.

Ғайса САРМҰРЗИН

«Сталиндік жол» басылымының 1943-1959 жылдардағы
редакторы. Журналист, жазушы.

Төленді ОҢҒАРБАЕВ

«Еңбек туының» 1959-1961 жылдардағы редакторы.
Журналист, аудармашы.

Беген БАЙСАҚАЛОВ

«Еңбек туының» 1963-1964 жылдардағы редакторы.
Журналист, аудармашы.

Баттал ЖАҢАБАЕВ

«Еңбек туының» 1965-1985 жылдардағы редакторы. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, екі «Құрмет белгісі» ордені мен 10 медальдің, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамотасының үш дүркін иегері, республикалық мәндегі дербес зейнеткер, бірнеше кітаптың авторы. Жоғары білімді кәсіби журналист, осы салада 50 жыл тер төккен.

Арғынбай БЕКБОСЫН

«Еңбек туы» одан кейін «Ақ жолдың» 1985-1995 жылдардағы редакторы. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. Публицистикалық, поэзиялық, драмалық шығармалардың авторы. Омар Һаям рубаяттарын аударған.

Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ

«Ақ жолдың» 1995-2004 жылдардағы редакторы. Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Шаншар ата» комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында қойылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің Бүкілодақтық байқауконкурсында бас жүлдеге ие болған. 2004 жылы 2 томдық таңдамалы шығармалары, 2008-2012 жылдары 4 томдық шығармалары жарық көрді.

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ

ҚазМУ-дың түлегі. Ұзақ жыл Жезқазған облыстық газетінде, «Халық кеңесі» газетінде және «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. «Ақ жолдың» 2004-2010 жылдардағы бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Жұлдыздардың жарығы», «Күміс белдік», «Желсаз» атты және ондаған тарихи-танымдық кітаптардың авторы.

Ғалым ҚАСАБАЙ

«Ақ жолдың» 2010-2013 жылдардағы редакторы. Ғ.Қасабай өңіраралық «Салық тәртібі» газетінің бас редакторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Қуаныш ИЕМБЕРДИЕВ

ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы, облыстық телерадиокомпаниясында бас редакторы болып қызмет атқарды. 2001-2014 жылдар аралығында облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың бірінші
орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарды.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

Журналист, жазушы. «Aq jol» газетінің 2014-2017 және 2018-2020 жылдардағы Директор-бас редакторы, «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1988 жылы жазушы К.Сәттібайұлының «Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар» атты ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби бәйгесінің бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты.

Қуат ӘУЕСБАЙ

Еңбек жолын «Ана тілі» республикалық газетінде тілші болып бастады. «Айқын» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болған. Әр жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі Мемжер ҒӨО «Баспа және редакциялау» бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» республикалық журналы бас редакторының орынбасары, республикалық «Халық сөзі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды.

Оралхан ДӘУІТ

Журналист. Республикалық «Түркістан», «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет атқарған. «Ақ самаурын» атты кітабы бар. Ақпарат саласының үздігі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support