- Advertisement -

Сотталғандардың денсаулығы бақылауда

20

- Advertisement -

Жазаны орындайтын мекеме міндеттерінің бірі – денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бас бостандығы шектелген азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген  адамдарға  медициналық көмек көрсету.

Жуырда облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлерінің көмегімен облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде арнайы контингенттер арасында медициналық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық шара барысында сотталғандарға терапевт, эндокринолог хирург, офтальмолог, невропотолог, оторинолог, стоматолог, уролог және гинеколог сияқты мамандары көмек көрсетті.

– Аталған профилактикалық шара барысында 176 адам тексерілді. Дәрігерлер мекеменің медициналық бөлімінің жұмысына сондай-ақ медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігіне оң пікір білдірді. Көп жылдар бойы біздің мекемемен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан облыстық «Садыхан» ЖШС-нің дәрігерлеріне алғыс айтамыз, – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков.

Мадина Сухамбердиева,

ЖД-158/5 мекемесінің медбикесі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support