- Advertisement -

Облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды

97

- Advertisement -

Облыс әкімінің өкімімен Мұртаза Жалғас Әлижанұлы облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мұртаза Жалғас Әлижанұлы 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, білімі жоғары.

2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде бухгалтер болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылғы маусым айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support