- Advertisement -

Медициналық құралдармен жабдықтаудың маңызы зор

125

- Advertisement -

Денсаулық сақтаудың ең тиімді жүйесін құрудың негізгі шарттарының бірі – саланы бәсекеге қабілетті мамандармен, қажетті құрал-жабдықтармен және жаңа инновациялық-технологиялармен қамтамасыз ету. Пандемияға қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан тынымсыз жұмыстарды айтпағанның өзінде, былтыр өңірімізде осы бағытта атқарылған жұмыстар аз емес. Соның бірі – медициналық ұйымдарды медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Былтыр жергілікті бюджеттен медициналық құрал-жабдықтар алуға 1,18 миллиард теңге бөлінді. Ол қаржыға 114 дана медициналық техника сатып алынды. Тарқатып айтсақ, өңіріміздің емдеу ұйымдары 3 КЩС анализатор, 3 компьютерлі томограф, 42 көп функционалды төсек, 34 реанимациялық төсек, 2 АСТ Коагулометр және де 3 цифрлы рентген аппарат, 2 экстракорпоральді мембранды оксигенация аппараттарымен жабдықталды.

Сонымен қатар былтыр жергілікті бюджет резервінен қосымша қажеттілікке және пандемияның екінші толқынының дайындығына байланысты 2,119 миллиард теңге қаражатқа 1 дана литотриптор, 1 дана лазерлі литотриптор, 4 дана Эксперт класс УЗИ аппараттары, 1 дана универсалды Эндовидеохирургиялық кешен аппараты, 15 дана Фетальді мониторлар, 1 дана 190 модельді Видеоэндостойка аппараты, 3 дана 170 модельді Видеоэндостойка аппараттар, 2 дана хирургиялық «силовое оборудование» аппараттары, 1 дана флюрограф аппараты, 240 дана көпфункциональді төсектер, 2 дана дефибриллятор – монитор аппараттары, 30 дана науқас монитор аппараттары, 70 дана инфузомат, 70 дана перфузор, 10 дана хирургиялық сорғыш аппараттары, 3 дана ЭКГ аппараттары, 100 дана пульсоксиметр, 2 дана синоптофор аппараттары, 2 дана Амблиокор аппараттары және 100 дана рециркулятор сатып алынды. Сондай-ақ емдеу алдын алу ұйымдары үшін жергілікті бюджеттен 344 миллион теңге бөлініп, 642 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынды.

Сонымен қатар демеушілердің көмегімен емдеу ұйымдарына 122 оттегі концентраторы, 14 өкпені жасанды желдету аппараттары берілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support