- Advertisement -

«Қыстың екі айы өтті» деп арқаны кеңге салуға болмайды

155

- Advertisement -

Қысқа дайындық жұмыстары жыл сайын жылыту маусымы аяқталысымен басталады. Сонда да табиғаттың тосын мінезі салдарынан қалада да, ауылда да төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Жаңатаста тоқсаныншы жылдардың соңында екі жыл бойы қыста жылу болмай көпқабатты үйде тұратын қалалықтар пәтерлеріне жаппай «буржуйка» орнатып, қатып қалмау үшін арпалысқаны есімізде. Сарысу және Талас аудандарындағы ана жылғы қатты дауылдың әсерінен орын алған төтенше жағдай да елдің есінде болар. Шу қаласында қақаған қыста жылу беретін қазандық істен шығып, жұрттың бүрсең қаққаны да ұмытылған жоқ. Құдайға шүкір, одан кейінгі жылдары Таразда, басқа шағын қалаларда да қыс ортасында жаппай жылу берілмей қалған оқиға орын алмады, әйтеуір. Биылғы 23 қаңтарда басталған ақтүтек бораннан Тараз-Шымкент, Тараз-Жаңатас автожолдары жабылып, Тараз-Алматы бағытындағы жолда күрделі жағдай қалыптасты. Төтенше жағдайлар департаменті, басқа да күштік құрылымдардың шұғыл әрекет етуінің нәтижесінде қар құрсауында қалғандар құтқарылып, қайғылы оқиғалардың алды алынды. Жаңатасты, бірер ауылды қар басып қалса да мал-жан аман.

Дегенмен, Сарысу ауданының қар басқан ауылдарында және Жаңатас қаласының кейбір шағын аудандарында электр жарығы өшіп қалып, тұрғындарға әжептәуір қолайсыздық туғызды. Алайда тиісті құрылымдар шұғыл әрекет етіп, электр қуатын іске қосып жатты. Мекеме, кәсіпорындардан ж а с а қ т а л ғ а н е р і кт і л е р т ау — тау болып үйіліп қалған қарды аршып, жол бойы тазартылды. Ең бастысы қалаларға жылу қалыпты температурада беріліп тұрды.

– Облыс бойынша 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымы былтыр 1-7 қазанда басталды. 437 автономды қазандық, 340 километр жылумен жабдықтау, 494 километр сумен қамту, 9382 километр электр тарту желілері, 2778 трансформаторлық қосалқы станса мен 785 білім, 386 денсаулық сақтау, 494 мәдениет саласының нысаны және 1553 көпқабатты тұрғын үй күзгі-қысқы кезеңге дайындалды. Бүгінде барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер ж ы л у қ уат ы м е н қ а м т а м а с ы з етілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында барлығы 17 жоба жүзеге асырылып, 18,6 километр жылу ж ү й е с і ау ы с т ы р ы л д ы . Та р а з қаласында – жеті, Таласта – бес, Байзақта – үш, ал Сарысу ауданында екі жоба.

Облыс орталығында жеті жоба б о й ы н ш а п е н о п ол и у р е т а н д ы д и а м е т р і 5 7 — 2 7 3 м и л и м е т р болатын 11,268 километр жылу желілері қайта жаңғыртылып, 7,184 километр жылу желілері мен «Газовая» қазандығы ағымды жөндеуден өткізілді, – дейді облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық б а с қ а р м а с ы н ы ң б а с ш ы с ы Құдайберген Қорғанбаев.

О т ы н — э н е р г е т и к а к е ш е н і к ә с і п о р ы н д а р ы н д а 1 2 , 7 м ы ң тонна қо сымша мазут отыны д а й ы н д а л ы п т ы . М ә с е л е н , «Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ – 9742, «Таразэнергоорталық» АҚ – 1865, «Жамбыл-Жылу» МКК – 390 және «Игілік» КМК – 278 тонна. Моно және шағын қалалардың орталық қазандықтарын тиісті отынмен қамтамасыз ету үшін жылыту маусымына 1 075,112 м и л л и о н т е ң ге б ө л і н с е , Ш у қаласының орталық қазандығына 2 748,71 мың текше метр табиғи газ сатып алуға – 71,223, Қаратауға – 12,822,0 мың текше метр газға – 312,6 және Жаңатасқа 10 603 тонна мазут алуға 691,2 миллион теңге бөлініпті. Жаңатас қаласының орталық қазандығына әлеуметтік ма зу т от ы н ы н же т к і зу ү ш і н тапсырыс беруші Сарысу ауданы әкімдігі мен мердігер «Galaxу P e f r o l e u m » Ж Ш С а р а с ы н д а келісімшарт жасалыпты. Былтырғы қазан-желтоқсан айларында 7972 тонна мазут жеткізілсе, 2636 тоннасын қаңтар, ақпан айларында жеткізу жоспарланыпты. Жаңатас таулы өңірде орналасқандықтан қыс кезінде ауа райы қалай болатынын өткендегі ақтүтек боран көрсетті. Сондықт ан да келісімшартт а көрсетілген кестеден мердігер мекеме бір күнде кешіктірмей қажетті мазутты жеткізуі тиіс.

Б юд ж е т т і к м е к е м е л е р д і ң қажеттілігіне орай автономды қазандықтарға жылыту маусымына жоспарланған 67,2 мың тонна қатты отын толық жеткізілген көрінеді. Көмірді сатумен 31 жеке құрылым айналысып, орта есеппен алғанда «Шұбаркөл» және «Қаражыра» маркалы көмірдің бір тонасы 14-17 мың теңгеден айналған. Әрине бұл баға сортына қарай өзгеріп отырады. Тұрғындар үшін жоспарланған 234,3 мың тонна көмір 100 пайыз қамтамасыз етіліпті. Өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы қаңтар айының қатты суық болғанын е с ке р с е к , қ ол д а ғ ы от ы н н ы ң қаншасы жағылды, қыс созылып кетсе қатты отын шақ келмей, жұрт жаурап қалмай ма, мәселе осында. Бұл да аудан әкімдері мен тиісті мекеме басшыларының есінен шықпаса дейміз.

– Ж ы л ы т у м ау с ы м ы н ы ң жұмысын қа лыпты жағдайда үйлестіріп отыратын өңірлік штаб құрылған. Оның жұмыс жоспары бекітіліп, 15 сәуірге дейін ай сайын отырысы өткізіледі. Мұндай штаб жергілікті өңірлерде де жұмыс істеуде. Біздің басқарма тарапынан Тараз қаласы мен аудандарға шығып, жылыту маусымы туралы тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бүгінге дейін Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Шу аудандарының елді мекендеріндегі нысандарға зерделеу жүргізілді. Алдағы уақытта Сарысу, Талас, Байзақ аудандары мен Тараз қ а л а с ы н д а ғ ы н ы с а н д а р д а ғ ы жылыту маусымының өту барысы зерделенеді. Содан кейін нәтижесі штаб отырысында қаралады, – дейді Қ.Қорғанбаев.

Д ұ р ы с , а п а т т ы ң а й т ы п келмейтінін ескерсек, ауылдық аймақтардағы білім беру, денсаулық с а қ т ау, м ә д е н и е т, б а с қ а д а мемлекеттік мекемелер қоныстанған нысандарды зерделеуден өткізіп тұрудың маңызы зор. Қайсыбір жылы Талас ауданы Ақкөл ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің жылу қазандығы қыс кезінде жарылып кетіп, облыс деңгейінде үлкен шу болған. Қалалардағы жылудың жүрегі іспеттес орталық жылу қазандықтарының қалыпты жұмыс істеуі де бір сәтте назардан тыс қалмауы тиіс.

Жылыту маусымы басталғалы бері «Сенім телефоны» арқылы түскен 114 өтінім бойынша жұмыс тобымен көпқабатты тұрғын үйлер мен пәтерлердің жылу жүйесіне зерделеу жүргізілсе, оның 62-і қ а ң т а р а й ы н д а ж ү р г і з і л ге н . Өтінімнің көпшілігі тұрғын үй мен пәтердегі ішкі жылу жүйелеріне қатысты орын алған.

P.S: Бұрынғылар «Сәуір болмай, тәуір болмайды» деп отыратын. Алда ақпан бар, «Самарқанның көк тасы» ериді деген жыл басы – Наурыз мейрамы кезінде де облыстың қайсыбір аудандарына қар түскенін көргенбіз. Сондықтан қыстың екі айға жуық мезгілі өтіп қалды деп арқаны кеңге салуға болмайды. Газ тартылмаған ауыл тұрғындары қолдағы қатты отынды үнемдеп, пайдаланғандары жөн. Ал мемлекеттік мекемелердегі жылудың қалыпты жағдайда болуы бірінші сол мекеменің басшысынан сұралады. Қаңтардағы ақтүтек боран мен аязды күндер қала мен аудан әкімдеріне, тиісті мекеме басшыларына қысқы науқанның жауапкершілігі үлкен екенін көрсетті.

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support