- Advertisement -

Екпе алуды басшылар бастады

66

- Advertisement -

Бір үмітті бір күдік иектесе де, «қалай болар екен» деген сұраққа жауап табу үшін дәл осы күнді күткендер көп. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят пен Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың алғашқылардың қатарында ресейлік «Спутник V» вакцинасын салғызатыны алдын ала айтылған. Ал өңірде бірінші болып облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев «Almaz Medical Group» ЖШС-ның Жамбыл филиалының емханасында Covid-19-ға қарсы екпе алды.

Алдымен емхананың иммунолог дәрігері Ләз зат Зайытбекова екпе алушылардың денсаулық жағдайын т е кс е р і п , в а к ц и н а с а л у ғ а қ а р с ы көрсетілімдері бар-жоғын анықтады. Екпе салған соң да олар 30 минуттай мамандар бақылауында болғанын айта кеткен жөн.

– Процедура ауырсынусыз өтті, өзімді жақсы сезінемін. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялаудан бас тартпауымыз керек. Экономиканың дамуы және тұрғындардың қалыпты тіршілікке тезірек оралуы үшін жолдағы кедергілерді еңсеру керекпіз, – деді Берік Нығмашев.

– « С п у т н и к V » в а к ц и н а с ы температура режимін бақылау датчиктері бар контейнерлерде жабық күйде тасымалданады. Бір ескерте кететіні, минус 18-20 градус температураның сақталуы қатаң бақыланады. Алғашқы тасымал кезінде облысқа коронавирусқа қарсы 1000 ресейлік вакцина жеткізілді. Вакцинация кезең-кезеңімен жүргізілетіні мәлім. Жалпы өңірде тіркеуде тұрған белгіленген талап бойынша екпе алуға болатын 18-65 жас аралығындағы 597 700 адам бар. Бірақ оның бәрі міндетті түрде вакцина салдырады деген сөз емес. Себебі екпе алу ерікті түрде жүргізіледі, – дейді облыстың Бас дәрігері Әсет Қалиев.

Кезең-кезеңімен жүргізілетін жаппай вакцинациялау кезінде алғашқы топқа енген медицина қызметкерлерінің бір тобы 1 ақпанда емханаға келіп, ерікті түрде екпе салғызды. Жалпы осы күні 50 адамға вакцинация жасалады деп жоспарланған болатын.

– Мен ерікті түрде өзімді және туыстарымды коронавирустық инфекциядан қорғағым келеді. Ауру өте қауіпті, оған көзім жетті. Сондықтан баршаңызды осы вакцинациялауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын, – дейді өткен жылдың мамыр айынан бастап «қызыл аймақта» жұмыс істеп келе жатқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог дәрігері Олжас Кенжебаев.

Ал облыс бойынша Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Мәриямкүл Құлатаева: «Вакцина қабылдау қажет. Мен алғашқылардың бірі болып келіп отырмын, басқалар бізден үлгі алады деп үміттенемін», – деді. Штаттан тыс бас эпидемиолог Гүлфайра Мырзабекованың айтуынша, ақпан айында вакцинаны бес мың адам қабылдайды. Жалпы, бірінші жартыжылдықта 100 мың жамбылдыққа егу жоспарланған. Екінші жартыжылдықтан бастап клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін отандық QazCovid-in препараты салына бастайды. Негізі бірінші кезеңде инфекциялық аурухананың, жедел медициналық көмектің, реанимацияның, МСАК-тың, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері қамтылуы тиіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, вакцинаны сақтау және пайдалануда ерекше жағдайларды талап ететіндіктен, Тараз қаласының 9 емханасының, одан әрі 10 аудан мен Шу қаласының вакцинация кабинеттеріне жеткізу күндері белгіленген. Осыған сәйкес, қажетті сынама алу қондырғылармен де қамтамасыз етіліпті. Бұл жұмысқа тартылған мамандар түгелдей арнайы курста оқыған. Екпе салу да кестеге сай, кезең-кезеңмен жүргізіледі екен. Әр емханадағы вакцинация жұмыстары облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатаң бақылауында болмақ. «Өз жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын тұрғындар екпеге немқұрайлы қарамайды деп ойлаймын. Егер алғашқы лекте жеткізілген 1000 вакцина ерте бітсе, біз қосымша вакцина алдырамыз. Сондай-ақ шалғай ауылдарға арнайы мобильдік топтар шығып, екпе салу жұмыстарын жүргізеді», – дейді Әсет Әскерұлы.

Ресейлік Гам-КОВИД-ВАК («Спутник V») вакцинасының 22 мың дозасы 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан авиарейсімен вакцинаны өңірлік сақтау орындарына жеткізілген еді. Ал өңірімізге «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы Шымкент қаласының оңтүстік өңірі бойынша бас қоймадан авторефрижератор арқылы 1 ақпанда таңғы сағат 04.00-де әкелді. Вакцинаны Тараз қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қабылдап, мұздатқыш камераларға – 18-20 градус температурада сақталатындай орналастырғанын айта кету керек.

Наурыз айында басталатын вакцинация-лаудың екінші кезеңінде бірінші кезеңге кірмеген жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, медициналық қызметкерлер кіреді. Ал үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері қамтылады. Кейіннен халықтың қосымша топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарланып отыр.

Ардақ Үсейінова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support