- Advertisement -

«Жазғы мектеп» жағымсыз әрекет тен сақтандырады

40

- Advertisement -

Қоғамның эволюциялық даму жолында жең ұшынан жалғасатын сыбайластыққа қарсы күрес мәселесі өзектілігін жойған емес. Мемлекеттің дамуы мен экономиканың өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретін мұндай дертпен күрес елімізде үздіксіз жүргізіліп келеді. Соның бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі.
Тараз қаласындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова арнайы қатысып, жазғы мектептің қатысушыларына шараның маңыздылығы туралы айтып өтті. Тұрғындардың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру және осы дертке қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуды көздеген шараға үкіметтік емес ұйымдар мен ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер, заңгерлер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы және жастар қатысты.
Шарада «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының директоры Ольга Шиян сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық және қазақстандық жүйенің қандай айырмашылығы бары туралы түсіндірді. Семинар лекторларының сапында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтан қаласындағы офисінің экономика және қоршаған ортаны қорғау бағдарламалары жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Ерлен Бадыхан пен «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының менеджері Ғалымжан Оразымбет те бар. Олар жазғы мектептің тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның атқаратын маңызды орны туралы айтып берді.
Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибелер мен еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар, осы саладағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар және жемқорлықтың теріс әсерін жою үшін пайдалануға болатын стратегиялар туралы толық ақпаратқа қанықты. Адалдық пен парасаттылық қағидалары туралы ой түйді.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support