- Advertisement -

Көсегенің көк жонында – қызу еңбек

40

- Advertisement -

Ауданда ақ егіске орақ түскелі біраз уақыт өтті. Бүгінде астықты өңір – Көсегенің көк жонында еңбек көрігі қыза түскен. Дихандар қауымы жерге түскен дән жерде қалмауы жолында аянбай тер төгуде.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек өткен аптада Түркістан, Жаңаарық ауылдық округтерінде қарапайым заттар экономикасын дамыту, ел еңсесін көтеру бағытындағы жаңа жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысып, осынау астықты өңірді де аралап, көріп шықты.
Мұндағы «Болашақ» шаруа қожалығының егістік алқабы 534,90 гектар аумақты құрайды екен. Арпа оның – 104,90, мақсары – 300, көпжылдық шөп 130 гектарына орналастырылыпты. Науқандық іске 1 трактор, 2 комбайн, 1 тіркеме, 1 автокөлік күші жұмылдырылған. Сондай-ақ, «Нұржан» шаруа қожалығы да өз иелігіндегі алқапта күздік бидай, арпа, мақсары, жоңышқа егіп өсіріп отыр. Мұнда да астық орып, бастыру ісі қарқынды жүргізілуде.
«Бауыржан-К» шаруа қожалығына ат басын бұрған Қ.Мәдібек еткен еңбек, төккен тердің заяда кетпесін айтып, шаруаларды жігерлендіре түсті. «Бауыржандықтар» да биыл 130 гектарға күздік бидай дәнін сеуіпті. Аудан әкімі егістік басында «Мұрат» шаруа қожалығының басшысы Е.Дүтбаевқа жолығып, шаруасының жайын сұрастырды. Кәсіпкер азамат жалпы егістігінің көлемі 1368 гектарды құрайтынын, астық өнімі былтырғы жылға қарағанда едәуір жақсы екенін, орташа түсім әр гектарына 18 центнерден айналып жатқанын айтты. Бұл іске трактор, комбайны, жүк көлігі, басқасы бар, барлығы 8 бірлік техника күші жұмылдырылуда екен.
Қанатбек Мәдібек «Ақжол», «Қоңыртөбе», «Көк жон», «Ата Мұра», «Елдос-2004», «Бейсен», «Керімбай», «Жастар», «Абылай-Т», «Жаңарық», «Ақтоғай»» шаруа қожалықтарының егістік алқаптарында да болып, шаруалардың ісі тыңғылықты екенін, жалпы ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екендігін атап өтті.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сейілбек Дариябековтің айтуынша, Түркістан – аграрлы, ауыл шаруашылығы саласы дамытылуына қолайлы аймақ. Жергілікті халықтың басым бөлігі егін шаруашылығымен айналысуда. Бүгінгі таңда дихандар өсірілген егіс өнімін ысырапсыз жинап алудың қамында жүр.
Аудан бойынша қазіргі күнге дейін 3168 гектар масақты дәнді дақыл орылып, 5700 тоннадан көп дән бастырылған. Әр гектардан алынған орташа өнім 18 центнерді құрап отыр. Егін орағына 14 комбайн, 12 трактор, 9 автокөлік, 8 тіркеме қатысуда.

Дариха ПАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ,
журналист.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support