Паралимпиадалық ойындарға үздіктер іріктелді

9

Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт сарайында республикалық V Паралимпиадалық ойындарға іріктеу жарысы өтті.
Шараның ашылу салтанатында аталған басқарма басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іріктеу жарысы пауэрлифтинг, волейбол (отырып ойнау), жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, парадзюдо, ядро лақтыру, найза лақтыру түрлері бойынша өткізілді. 52 спортшы бақтарын сынады.
Қызықты өткен жарыста парадзюдо бойынша 60 келіде Әділет Адамбеков, 66 келіде Бақытжан Жұмаділ, 73 келіде Ахмед Ахмедов, 81 келіден жоғары салмақта Абай Ерболұлы жеңімпаз атанды.Үстел теннисінен ерлер арасында Айдос Мұқашев, әйелдер арасында Флора Ем топ жарды. Пауэрлифтинг спорты бойынша 54 келіде Фахритдин Акрамов, 80 келіде Асылбек Хамуддуллаев, 83 келіде Асхат Жұманов, 97 келіде Бақыт Батырұлы, 107 келіде Дәурен Малижан чемпион атанды. Өзге спорт түрлерінен де нағыз мықтылар жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, кубоктармен марапатталды. Енді осы спортшылардан 12-17 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық V Паралимпиадалық ойындарына облыстың құрама командасы жасақталады.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.