- Advertisement -

Тұрғын үйлердегі өрттің қатері

62

- Advertisement -

Өрт кезіндегі ең қорқынышты жайт – қазаның орын алуы. Адам өмірін еш нәрсе толтыра алмайды. От өз жолында барлығын жайпап, жояды әрі өмірге де елеулі қауіп төндіреді. Тұрғын үйдегі өрт – ол үлкен қатер. Азаматтарды жиған мүліктерінен, баспанасынан, тіпті ғұмырынан айырады. Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, ағымдағы жылы облыс аумағында 63 өрт оқиғасы тіркеліп, екі адам от құшағында қалып, улану салдарынан көз жұмған. Тілсіз жау кезінде бір бала және екі ересек азамат түрлі дәрежеде жарақаттар алды. Жалпы, газ жабдықтарын дұрыс қолданбау және газдан улану салдарынан да ажал құшып жататын жайттар кездеседі.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 2-3 наурызы аралығында тұрғын үй секторында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, жылыту пеші мен газды пайдалану кезіндегі тиісті ережелерді сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар түсіндіру іс-шараларын жүзеге асырар алдында өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының көмегімен жеке тұрғын үй секторындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша арнайы оқыту ұйымдастырды.
Сондай-ақ департамент қызметкерлері күшін жұмылдыруымен тұрғын үй секторында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін» өткізу кестесі дайындалып, бекітілді. Осы іс-шара аясында 6024-ден астам үйді аралау жұмыстары жүргізілді, 800-ден астам тұрғынға нұсқаулықтар таратылып, берілді. Тараз қаласының барлық шағын аудандарындағы көп қабатты әрбір үйдің кіреберістеріне де «Тұрмыста газды пайдалану кезінде ережелерді сақтаңыз» және «Көп қабатты үйлер мен жатақханалардың тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша» жаднамалары ілінді. Облыс тұрғындарын тиісті ақпараттармен таныстыру үшін рейдтік тексерулер ұйымдастырылып, оған өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылып, бұл туралы бейнематериалдар «Jambyl» және «77 tv» телеарналарынан көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жылу беру маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Берік САТЫБАЛДИЕВ,
облыстық ТЖД ӨҚСБПҚБ халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support