- Advertisement -

Мерейтойға арналған монография

32

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай «Антикоррупционная политика партии «Нұр Отан»: региональный аспект» атты монографиялық кітап жарық көрді. Осыған байланысты партияның облыстық филиалында ғылыми еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті.

Монография авторы партияның облыстық филиалы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Бақтияр Алдашов: «Бұл еңбекте «Нұр Отанның» араласуымен Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың дамуы мен ерекшеліктерін көрсетіп, отандық және шетелдік тәжірибенің өзекті мәселелерін қозғады. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жергілікті жерде жүзеге асуына басымдық бердім», – дейді.
Төрт тараудан тұратын монографиялық еңбекте автор партияның құрылу тарихына тоқталып, «індетті» жою жолында атқарылып жатқан жұмыстарды халықаралық тәжірибемен салыстырып көрсетеді. Оның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағы, Еуроодақ және Еуразиялық экономикалық одағы елдеріндегі «жегіқұртқа» қарсы күрес саясатына тоқталады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының осы бағыттағы бағдарламалары мен іс-шараларының аймақтарда іске асуын және өз ұсыныстарын да тарқата жазып, түсіндіреді.
Ғылыми еңбек заң және ғылым саласы, партия қызметкерлері, сонымен қатар студенттер мен докторанттарға, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде Қазақстандағы саяси үдерістерге қызыға қарайтын оқырмандарға арналған.
Аталған рәсімде сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support