- Advertisement -

Облыс біріншілігі мәресіне жетті

34

- Advertisement -

Соңғы жылдары қазақтың ұлттық спорты тоғызқұмалақтың дамуына барлық жағдайлар қарастырылып жатқаны белгілі. Бұл өз кезегінде өңірде аталмыш спортқа қызығушылардың қатарын арттыруда. Нәтижесінде жамбылдық тоғызқұмалақ шеберлері түрлі жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдап жүр.
Ағымдағы жыл тоғызқұмалақ шеберлері үшін облыс біріншілігімен басталып отыр. Тараз қаласындағы «Гамбит» шахмат клубында өткен өңір чемпионатына облыс аудандарынан 9 команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Командалық дода барысында 84 спортшы бақ сынады.
Бірнеше күнге созылған облыс чемпионатында ерлермен қатар әйелдер де үздіктерді анықтауға кірісті. Сонымен ерлер арасындағы аламанда Тараз қаласының тоғызқұмалақ шеберлерінен жасақталған команда жеңістің биік тұғырынан көрінсе, Меркі ауданының командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сарысулықтарға үшінші орын бұйырды.
Әйелдер арасындағы додада Тұрар Рысқұлов ауданынан келген ұжым топ жарып, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеді. Меркіліктер екінші орынды қанағат тұтса, қордайлықтар үздік үштікті қорытындылады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support