- Advertisement -

Алыптар шайқасы

77

- Advertisement -

Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюри
арасындағы екінші жекпе-жек қашан өтеді?

Кәсіпқой бокс жанкүйерлері үшін аса ауыр салмақтағы алыптардың шайқасы қашанда қызық. Әсіресе шын мықтылар арасындағы кездесу кім-кімді болсын бейжай қалдырмасы ақиқат.
WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, америкалық Деонтей Уайлдер мен ұлыбританиялық Тайсон Фьюри арасында өткен бірінші жекпе-жек жанкүйерлер тарапынан қызу талқыланғаны баршаға мәлім. Тайсон Фьюридің екі мәрте нокдаунға түскеніне қарамастан, тамаша техникалық шеберлігін көрсеткені жұрттың жадында. Тең нәтижемен аяқталған алыптар айқасының жалғасын көпшілік асыға күтетіні де жасырын емес.
Өткен жылдың 1 желтоқсанында шаршы алаңда бір-бірін ала алмаған қос алып осы жылдың мамыр немесе маусым айында екінші жекпе-жекті өткізуге құлықты болып отыр. Дереккөздерге сенсек, шайқас Бруклиндегі «Barclays Center» немесе Лас-Вегастағы «T-mobile» аренасында өтуі бек мүмкін.
Уайлдер мен Фьюри кәсіби мансабында жеңіліске ұшырамаған. Америкалық былғары қолғап шебері 40 рет жеңіске жетсе, Фьюри 27 кездесуде жеңімпаз атанған. Тек екеуара өткізген жекпе-жекте ғана боксшылар тең нәтижеге қанағат білдіріп тарқасқан болатын. Екі мықтының шайқасында кімнің басым түсетінін анықтайтын кез де алыс емес.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support