- Advertisement -

Үшінші айналымды жеңіспен бастады

536

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының үшінші айналымы басталды. Алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша турнир кестесінде екінші орында тұрған жерлестеріміз сырт алаңда Теміртаудың «Шахтер-Болат» командасынан басым түсті.
Ойынның алғашқы кезеңінде екі команда футболшылары шеберлік жағынан да, есеп жағынан да тең түсті. Командалар соншалықты қауіпті шабуылдар ұйымдастыра қойған жоқ. Әйткенмен «Тараз» футболшылары кездесудің екінші бөлігінде серпіліп, тамаша ойын үлгісін көрсете білді. Қарсылас команданың қорғаныс шебін бұзып өтіп, өткір шабуылдарға иек артты.
Екінші кезең басталғалы ойындағы басымдықты уыстан шығармаған «Тараз» футболшылары кездесудің 60-минутында есептегі басымдыққа ие болды. Мүмкіндігін мүлт жібермеген Әлішер Сүлей жамбылдық жанкүйерлерді қуантып, жеңіс голының авторы атанды. Әлішер бұған дейін де бірнеше маңызды ойындарда мергендігімен көзге түскен болатын.
Жамбылдық футболшылардың соңғы ойындарда көңіл көншітерліктей нәтижелерге қол жеткізіп жатқаны жан жадыратады. Жерлестерімізден алдағы уақытта да тек жеңістер күтеміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support